RU

Қостанай облысында өтіп бара жатқан қыздарға оқ атқан 15 жастағы жігіт көпшіліктің шамына тиді

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Арқалықта жасөспірім жігіт өтіп бара жатқан қыздарға травматикалық қарудан оқ атқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, 3 мамырда Арқалық қаласының полиция бөліміне ауруханадан 17 және 25 жастағы тұрғындардың жарақат алғандығы туралы хабар түскен.

Алғашқы тергеу әрекеттері барысында қыздардың Маясова көшесімен өтіп бара жатып тарсылды естігені, содан кейін қол-аяқтарына жарақат түскені анықталған.

Қыздар медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Олардың білек пен жамбас тұсына оқ тиген.

Қазіргі уақытта "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция оқиға орнында пневматикалық қарудың оғы табылғанын хабардар етті.

"Тәртіп сақшылары әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықтан оқ атқан 15 жастағы жасөспірімнің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта ата-анасына қатысты "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды" – деді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911025-qostanai-oblysynda-otip-bara-zatqan-qyzdarga-oq-atqan-15-zastagy-zigit-kopsiliktin-samyna-tidi/