Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы перзентхана маңынан адам сүйектері шығып жатыр (видео)

Опубликовано:

Сүйектер
Кадр: Instagram / sergek_kaz

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында перзентхана маңынан адамның сүйектері табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен. Видео авторы Есік қаласындағы перзентхана маңынан адамның сүйектері табылғанын айтады. Видеодан адамның бас сүйегін көруге болады.

"Бәлкім бұл жерде қорған болған шығар", - деп пікір білдіреді видео авторы.

"Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер "Ромашка" деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да - сол мекеменің жұмысшылары. Қазір "Алтын адам" мұражайының археологтары оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді", - деп түсіндірді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысы Бұланды ауданынан ерте замандағы жануардың сүйегі табылғанын жазған едік.

Ұзындығы бір метрден асатын сүйекті мамандар "мамонттікі" деп болжап отыр. Жалпы бұл жануардың қаңқасы осы аймақтан бұрын да табылған. Бірақ дәл осы Бұланды ауданының аумағынан бірінші рет кездесіп отыр екен. 

Одан бөлек, Шымкентте кәріз құдығынан көрпеге оралған әйелдің мәйіті табылғанын жазған болатынбыз. Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, әйел бір жылдан астам уақыт бұрын көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911054-almaty-oblysyndagy-perzentxana-manynan-adam-suiekteri-sygyp-zatyr-video/

pixel