Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан өсті
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны қайтадан өсті. Coronavirus2020.kz telegram арнасының мәліметінше, ауру жұқтырғандардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 2298 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Ал 4 мамырда 2076 адамнан коронавирус анықталған болатын.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 285
Алматы қаласы - 645
Шымкент қаласы - 80
Ақмола облысы - 135
Ақтөбе облысы - 71
Алматы облысы - 189
Атырау облысы - 85
Шығыс Қазақстан облысы - 87
Жамбыл облысы - 65
Батыс Қазақстан облысы - 129
Қарағанды облысы - 239
Қостанай облысы - 26
Қызылорда облысы - 69
Маңғыстау облысы - 42
Павлодар облысы - 116
Солтүстік Қазақстан облысы - 13
Түркістан облысы - 22
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 332 369-ға жетіп отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кейбір бизнес субъектілеріне жеңілдік жасалатынын хабарлаған болатын.
"Сыйымдылығы 50 пайыздан аспаған жағдайда "қызыл" аймақтағы жазғы алаңқайларға 9:00-ден 20:00-ге дейін, "сары" аймақтағыларға 7:00-ден 24:00-ге дейін, "жасыл" аймақтағыларға 7:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Стрид-фудтар мен ашық аспан астындағы аттракциондарға шектеу қойылған жоқ", - дейді Алексей Цой.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911066-elimizde-otken-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-qaitadan-osti/