Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейді

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша деректерді жаңартты. Мәліметтерге сүйенсек, өткен тәулікте 39 адам індеттен көз жұмған.

Ведомствоның дерегінше, өткен тәулікте 2298 адамға коронавирус диагнозы қойылып, 34 пациент аурудың құрбаны болған. Тағы 2663 адам ауруынан айыққан.

Ал коронавирус белгілері бар пневмония 29 қазақстандықтан анықталып, 5 науқас індеттен көз жұмған. Оған қоса 65 адам дертінен сауыққан.

Министрлік таратқан соңғы деректерге сәйкес, бүгінде 44 572 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның 15 015 пациенті стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Соның ішінде 784 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр, 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кейбір бизнес субъектілеріне жеңілдік жасалатынын хабарлаған болатын.

"Сыйымдылығы 50 пайыздан аспаған жағдайда "қызыл" аймақтағы жазғы алаңқайларға 9:00-ден 20:00-ге дейін, "сары" аймақтағыларға 7:00-ден 24:00-ге дейін, "жасыл" аймақтағыларға 7:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Стрид-фудтар мен ашық аспан астындағы аттракциондарға шектеу қойылған жоқ", - дейді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911071-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-qaitys-bolgandar-kobeidi/

pixel