Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мал жайылымына газ қалдығын төгіп жатыр": Маңғыстаулықтар жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Мұнай
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының тұрғындары газға уланып отырғандарын айтып, шу шығарды. Олардың сөзінше, ірі газ таратушы компания мал жайылатын жерге құбырдан көгілдір отын қалдығын төгеді екен деп жазады КТК телеарнасы.

Соның салдарынан будақтаған қою қара түтін ауаны ластап жұрттың үрейін ұшырған. Олар үш жылдан бері тыныстарының тарылғанын жеткізіп, қалдық төгуге қарсылығын білдірді.  

Мұнайлы ауданының тұрғыны Қалижан Исатаев ел арасында "Разъезд Р" деп аталып кеткен бұл жердегі күнделікті көрініс осы екенін айтып отыр. Оның пікірінше, айнала қап-қара түтінге оранып, жағымсыз иіс ауаға жайылған. Бұған себеп: құбырдан күніне екі рет жіберілетін газ қалдығы. Тұрғындар тіпті жусанның түсіне дейін өзгеріп жатқанын айтады.

"Жусанды көріп тұрсыз, қап-қара. Бұл жерде мал жейтін ештеңе жоқ. Адам тұрмақ, мал да демала алмай қалады. Мал да жөтеліп қалады. Бұл жердің Батырға да, Ақтауға да, Маңғышлаққа да – бәріне қатысы бар. Неге десеңіз, кешке желсіз кезде ауада газдың иісі шығып тұрады", - дейді Қалижан Исатаев.

"Еңбек" шаруа қожалығының иесі Есенмұрат Селиков те экология мамандары аумақтта тексеру керек деген пікірде.

"Бірдеңе қылу керек қой. Адам баласына, халыққа зиян. Тек малға зиян дейміз, мысалы, малдың етін жеп, сүтін ішеміз. Бәрі зиян болады ғой", - дейді ол.

Бұл аумақ Мұнайлы ауданындағы Батыр, Қызылтөбе ауылымен қоса, Ақтау қаласымен де шектеседі. Жиналған жұрт зияны барлығына бірдей тиіп жатқанын жасырмады. Ал облыстық экология департаментіндегілер үш жылдан бері ауаны ластап келген компанияны енді ғана тексеріп жатыр.

"Газдың ауаға таралуы бойынша "ҚазТрансгаз аймақ" мекемесіне жоспардан тыс тексеріс ашылды. Оның қорытындысы бойынша бұл ластаушы "ҚазТрансгаз аймақтың" құбырындағы ластаушы заттардың шығындыларын тоқтатамыз. Айыппұл мөлшерін есептеп, қосымша хабарлаймыз", - деді Маңғыстау облысы экология департаментінің бөлім басшысы Ержан Жұмашев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911106-mal-zaiylymyna-gaz-qaldygyn-togip-zatyr-mangystaulyqtar-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel