RU

Қазақстанның солтүстік облыстарында халық саны азайып жатыр

Әуежай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның солтүстік облыстарында, сондай-ақ Қарағанды ​​және Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар саны күннен күнге азайып жатыр. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресми статистикаға сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 18 940 413 адамға жетті, бұл 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 60 861 адамға артық.

Сонымен қатар, елдің алты облысында халықтың азаю үрдісі жалғасып жатыр. Осылайша, аймақтар бойынша халықтың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысында азайған. Жыл басынан бері ондағы жергілікті халықтың саны 1 261 адамға азайып, 542 474 адамға жетіп отыр.

Қостанай облысында халық саны 1260 адамға азайып, 863 290 адамға жеткен. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 1091 адамға азайып, 1 362 706 адамды құрады.

Ал Павлодар облысында халық саны 689 адамға азайып, ондағы халық саны 750 323 адамды құрады, Ақмола облысында 277 адамға азайып, халық саны 735 289 адамды құрады, Қарағанды ​​облысында көрсеткіш 113 адамға азайып, 1 375 825 адамға дейін азайды.

Есепті кезеңде Алматы қаласында халық саны өскен. Жыл басынан бері алматылықтардың саны 12 673 адамға артып, 1 989 931 адамға жетті.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы азаматтар саны жағынан Алматыдан екі есеге аз және халық санының өсуі бойынша екінші орында келеді. Шымкент қаласының тұрғындарының саны жыл басынан бері 12 031 адамға көбейіп, 1 086 497 адамға жетті.

Халық санының өсуі бойынша Нұр-Сұлтан үшінші орында. Жыл басынан бері елорда тұрғындарының саны 11 526 адамға артып, халық саны 1 195 937-ге дейін өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911163-qazaqstannyn-soltustik-oblystarynda-xalyq-sany-azaiyp-zatyr/