Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйықтап жатқанын пайдаланған: Шымкентте 8 жасар қыз балаға мектеп оқушысы зорлық көрсеткен

Опубликовано:

Мектеп оқушысы
Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Шымкентте жасөспірім 5 жылға сотталып кетті. 15 жастағы оқушы 8 жастағы қыз балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті үшін айыпталған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы оқиғаның былтыр шілдеде болғанын баян етті.

Сотта келтірілген деректерге сүйенсек, сотталған оқушы жәбірленушінің ұйықтап жатқан сәтін пайдаланыпты. Бұл сұмдықты шырт ұйқыда жанында жатқан ересектер сезбеген. Судья Әбинұр Қарабевтың мәліметінше, 8 жастағы қыз анасымен сол сәттерде сотталғанның үйінде пәтер жалдап тұрған екен.

"Түнгі уақытта көрші тұратын 8 жасар қызды тапчанда ұйықтап жатқанын пайдаланып, олар негізі сол тапчанда бірге жататындар. Соны пайдаланып, ұйықтап жатқан және дәрменсіз күйін пайдаланып оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған. Сотта яғни кәмелетке толмаған 15 жасар жігіттің кінәсі толығымен дәлелденді", - дейді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Қыздың анасы, сотталған оқушыға кешірім беріпті. Алайда, аса ауыр қылмыс санатына жататындықтан бұл оны ақтап алуға негіз емес дейді судья. Тек оқушының кәмелет жасына толмағандығы  ескеріліпті. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Айта кетейін, былтыр осыған ұқсас 7 іс қаралып, үкім шыққан. Биылғы төрт айда бұл екінші іс болып отыр.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911257-uiyqtap-zatqanyn-paidalangan-symkentte-8-zasar-qyz-balaga-mektep-oqusysy-zorlyq-korsetken/

pixel