Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы ең үздік вакцина анықталды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: Smith Collection/Gado/Getty Images

5 мамыр күні Дүниежүзілік вакцина конгресінде коронавирусқа қарсы ең үздік вакцина анықталды деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, конгресте америкалық Moderna компаниясы мен АҚШ ұлттық денсаулық институты бірлесіп жасаған препарат коронавирусқа қарсы үздік вакцина деп танылды.

АҚШ-та және басқа да бірқатар елде қолдануға лицензиясы бар Moderna компаниясының препараты вакциналар рейтінгінде AstraZрeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer/BioNtech, "Спутник V" және жануарларға арналған Zoetis препараттарын басып озған.

Сондай-ақ, конгресс ұйымдастырушыларының нұсқасы бойынша Moderna вакцинасы "Үздік жаңа технология/вакцина платформасы" атанған.

Бұл санатта ол BioNtech, Inovio, Janssen, Medicago, Novavax, Vaccitech және GeneOne Life Science өнімдерін артта қалдырып отыр.

Дегенмен финалистер мен жеңімпаздардың қалай таңдалғаны хабарланбаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін астаналықтарға 6 мамырдан бастап Sinopharm өндірген Hayat-Vax вакцинасы салына бастайтынын хабарлаған едік.

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың сөзінше, елордалықтар QazVak, Спутник V немесе Sinopharm вакциналарының бірін таңдай алады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой америкалық компаниялармен келіссөздер жүргізілгенін, алайда вакцинаның нақты жеткізілетін күні белгіленбегенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911301-duniezuzilik-vakcina-kongresinde-koronavirusqa-qarsy-uzdik-preparat-anyqtaldy/

pixel