RU

"Интимді қызмет бойынша кездесуге шақырған": Алматыда екі жігіт жеңіл жүрісті қыздарды тонап кеткен

Фото
Көрнекі фото: 056.ua

Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған екі ер адам ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, екі ер адам жарнама арқылы үйінде интим қызмет көрсететін жезөкше қыздарға телефон соғып, кездесуге келгенде тонап кеткен.

Күдіктілердің қыздарды ұрып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарын алып кеткені белгілі болды.

"Олар қыздар полицияға арызданудан қорқатынына сенімді болса керек. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Екеуі де синтетикалық есірткіні тұрақты қолданады. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қала ішінде жасалған бес қылмыстық эпизод анықталды", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

Күдіктілер уақытша ұстау изольяторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911426-intimdi-qyzmet-boiynsa-kezdesuge-saqyrgan-almatyda-eki-zigit-zenil-zuristi-qyzdardy-tonap-ketken/