Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/assel_ayt

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болды деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Отандасымыздың өткен айда Грузияға жұмыс істеуге кеткені айтылды.

Оның туыс әпкесі телеарна тілшісіне Әселден жақындары бесінші мамыр күні хат алғанын хабарлады.

Онда ару өзіне белгісіз ер адамның қоқан-лоққы көрсеткенін жеткізген.

Оқиға туралы басқа мәліметтер жоқ.

Телеарнаның дерегінше, Әселдің өлімі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі растаған.

Ал сыртқы істер министрлігі NUR.KZ тілшісіне қазір бұл ақпаратты тексеріп, Грузия тарапынынан ресми жауап күтіп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911450-qazaqstandyq-aru-gruziyada-tusiniksiz-zagdaida-qaitys-boldy/

pixel