Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "қызыл" аймаққа кірген өңірлер өзгерді

Опубликовано:

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram парақшасында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

7 мамырдағы мәлімет бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймақта Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

Айта кетейік, кеше "қызыл" аймақтан "сарыға" өткен Шымкент қаласы бүгін қайтадан "қызыл" аймаққа өтті. Ал кеше "қызыл" аймақта болған Жамбыл облысы бүгін бірден "жасыл" аймаққа шықты.

Еске салайық, мамырдың 5-і күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 101 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталып, 6 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, аталған дерттен 85 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 1 тамызынан бері ауырғандар саны 53400 адамды құрады, 829 адам қайтыс болып, 52100 адам жазылып шыққан.

Ал өткен тәулікте 2840 адамда коронавирус ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911499-qazaqstanda-qyzyl-aimaqqa-kirgen-onirler-sany-ozgerdi/

pixel