RU

"Сен сайлаған жоқсың мені": Тұрғындарға дөрекі жауап берген Жаркент әкімі жазаланды

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Алматы облысы Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров белсенділерді қолдауға шыққан көлік жүргізушілеріне дөрекі жауап бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде видео жарияланғаннан кейін қала басшысы тәртіптік жазаға тартылды. Ол жерде қала әкімі тұрғындармен өте дөрекі сөйлескен.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Жаркент қаласының әкімі Омаровқа қатысты видеоларды анықтады. Сол бойынша департамент тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы облысы әкімінің аппаратына хат жолдады" , - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

5 мамырда облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қала басшысын тәртіптік жауапкершілікке тартты. Болат Омаровқа қатаң сөгіс жарияланды.

Видеода ол кешкі уақытта жиналғандармен кездеседі. Бәріне "сен" деп сөйлеп, қайтуға үндейді. Жиналғандардың бірі "Әкім мырза, сізді халық сайлады ғой, бәрін жайлап түсіндіріп берсеңізші" дегенде, "Сен сайлаған жоқсың мені" деп жауап берген Болат Омаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911528-sen-sailagan-zoqsyn-meni-turgyndarga-doreki-zauap-bergen-zarkent-akimi-zazalandy/