"Тұрғын үй кезегін жылжытамын": Шымкентте бейтаныс азаматты алдаған алаяқ ұсталды
Опубликовано:

Шымкентте “тұрғын үй кезегін жылжытамын” деп жергілікті тұрғынды алдап, ақшасын алған азамат ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 5 мамырында Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.
Оның сөзінше, бейтаныс азамат тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп, алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын иемденген.
Қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не тұрғын үй кезегін жылжытып бермей жүргенін жазып көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғыны анықтады.
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911558-turgyn-ui-kezegin-zylzytamyn-symkentte-beitanys-azamatty-aldagan-alayaq-ustaldy/