RU

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 803 адамның жағдайы ауыр

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 803 адамның жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram арнасына сілтеме жасап.

8 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 695 адам коронавирус инфекциясынан (42 188 КВИ+ және 507 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 656 пациент стационарда, 28 039 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 803 адамның жағдайы ауыр,
  • 174 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 106 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, министрлік COVID-19 белгілері бар пневмония туралы да соңғы мәліметтерді ұсынды.

2021 жылғы 6 мамырдағы мәлімет бойынша 119 жаңа жағдай тіркеліп, 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

  • Науқастар саны – 53 519, өлім жағдайлары - 829, барлығы 53 519 адам сауығып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2587 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 340 239-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911570-koronavirus-infekciyasynan-emdelip-zatqan-803-adamnyn-zagdaiy-auyr/