Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы деректер жарияланды: Қазақстанда 7 өңір "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылдың 8 мамырындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары орналасқан.

Ал Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2587 адам тіркелген. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 340 239-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911576-songy-derekter-zariyalandy-qazaqstanda-7-onir-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel