Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарағандыда блок бекет қойылды": Видео көпшіліктің талқысына түсті

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желілерде Қарағандыда блок бекет қойылып жатқаны түсірілген видео тарап, көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі Skandal_krg тобында жарық көрді.

Бұны көрген кейбір оқырмандар қалада өткен жылғыдай карантин күшейтіліп жатыр деп болжаған.

"Тағы басталған сияқты", "Жауып жатыр, мен өз көзіммен көрдім", "Неге жаба береді?", "Қаладан шыға алмайтын болдық па?", "Бұны қалай түсінсе болады?", - деді олар.

Белгілі болғандай, блок бекет "Бірінші толқын" деп аталатын көркем фильмнің түсірілімі үшін қойылған.

Туындыны өңірлік Saryarqa телеарнасы түсіріп жатыр, деп түсініктеме берді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

КТК телеарнасының мәліметінше, түсірілім тобы қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраған.

"Өкінішке қарай, бұл блок бекет фильмді түсіру үшін орнатылғаны бәріне хабарланған жоқ", - деді фильм продюсері Жәнібек Садықанов.

Қарағандыда коронавирус пандемиясы туралы фильмнің түсірілімі басталғаны жайлы сәуірде хабарланған еді. Картина шынайы оқиғаға негізделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911579-qaragandyda-blok-beket-qoiyldy-video-kopsiliktin-talqysyna-tusti/

pixel