Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлап, сосын сатқан": Грузияда қаза тапқан қазақстандық туралы туысы тың ақпарат айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/assel_ayt

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның Грузияда қаза тапқаны туралы ақпарат қоғамда резонанс тудырғаны белгілі. Оның туысы оқиға туралы тың ақпаратпен бөлісті. Экспресс К басылымына берген сұхбатында марқұмның жақыны Әсел Грузияға кеткенге дейін онымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында тұрғанын жеткізген.

Туысының айтуынша, Қазақстанда Әсел фитнес-клубта әкімші болып жұмыс істеген. Грузияда оған ТМД елдеріне шетел көліктерін алып-сатумен айналысатын компанияда жұмыс істеу ұсынылған.

"Әселге құжаттармен жұмыс істеу қажет болды, сызаттарды және басқа да ақауларды бақылап отыруы, оларды компьютерге енгізуі керек еді. Оған 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс және 500 доллар айлық уәде етілді. Сіңілім шетелге кетуді армандады, сол себепті қуана-қуана келісті" - дейді туысы Айна Айтбаева.

Ол Әсел жұмысқа қабылдауға арналған тілдесуді видеоқоңырау арқылы өткенін атап өтті.

Бірақ оның паспортыныың қолданылу мерзімі тамыз айында аяқталып, Грузияға сапары кейінге қалуы ықтимал болатын. Бұл туралы білгеннен кейін, жұмыс беруші —  немере әпкесінің күйеуі оған жылдамдатуын сұрап, тіпті паспортын тез арада өзгертуге, ПТР-тестілеуден өтіп, билеттер сатып алу үшін ақша жіберген.

"Әсел бір-екі күнде жиналып, 27 сәуірде ұшып кетті. Ол Рустави қаласындағы өзін жұмысқа шақырған туысының үйіне барды. Одан бөлек, аталған пәтерде Бесо есімді қазақстандық бизнес серіктесі тұрған. Бірнеше күннен кейін Әсел маған қоңырау шалып, Тбилисиде жалдаған пәтерін көрсетті.

Менің таңғалғаным, бұл пәтер Руставидегі жұмысынан өте алыс еді. Ол оған жүргізуші берілетінін айтты", - дейді Айна Айтбаева.

Оның айтуынша, Әсел достарымен және туыстарымен арасында хабарласып тұрған және еш көмек сұрамаған. Марқұм өзінің шет елдегі ортасы туралы жақсы әңгімелер өрбіткен. Алайда 5 мамырда қайғылы жағдай орын алды. Әселдің өзінің жақын құрбысының Telegram арнасына Бесомен болған тілдесудің аудиосын жібергені белгілі болды. Онда таңғаларлық ақпараттар айтылған.

"Олардың әңгімелерінен туысының күйеуі оны зорлап, содан кейін оны осы Грузия азаматына сатып жіберген деген қорытынды шығады. Жазба жалғасқан бір сағат ішінде оны масқаралап, қорлаған, мүгедек етемін, өлтіремін деп қорқытқан", - дейді Айна.

Сондай-ақ, қазақстандық жақын құрбысына Бесодан қорқатынын және ол өзін ұрғанын жазған.

Келесі күні таңертең қыздың өлімі туралы белгілі болды.

Алдын ала болжам бойынша, Әсел терезеден құлап кеткен.

"Оны итеріп жіберді ме, әлде ол қорлыққа төтеп бере алмай сол жерден өзі секірді ме, біз оны білмейміз. Естуімізше, оны қорқытқан адамды Грузия полициясы өзін-өзі өлтіруге апарды деген күдікпен ұстаған", - дейді марқұмның туысы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911581-zorlap-sosyn-satqan-gruziyada-qaza-tapqan-qazaqstandyq-turaly-tuysy-tyn-malimetpen-bolisti/

pixel