Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасын пайдалануға рұқсат берді

Опубликовано:

қолғап киген екпе
Көрнекі фото: russian.news.cn

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін COVID-19-ға қарсы Sinopharm қытай фармацевтикалық компаниясы өндірген вакцинаны жедел пайдалануға рұқсат берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Синьхуа агенттігі жария еткен.

«Бүгін күндіз ДДҰ жедел пайдалануға болатын препараттар қатарына COVID-19-ға қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын қосты. Ол – ДДҰ қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын мақұлдаған алтыншы вакцина», - деп мәлімдеді баспасөз конференциясында ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.

«Бұл COVAX механизмі портфеліндегі вакцина тізімін кеңейтеді және елдерге ұлттық реттегіштердің вакцинаны жедел мақұлдауына сенімділік береді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 5 мамыр күні Дүниежүзілік вакцина конгресінде коронавирусқа қарсы ең үздік вакцина анықталғаны туралы хабарлаған едік.

Басылымның мәліметінше, конгресте америкалық Moderna компаниясы мен АҚШ ұлттық денсаулық институты бірлесіп жасаған препарат коронавирусқа қарсы үздік вакцина деп танылды.

АҚШ-та және басқа да бірқатар елде қолдануға лицензиясы бар Moderna компаниясының препараты вакциналар рейтінгінде AstraZрeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer/BioNtech, "Спутник V" және жануарларға арналған Zoetis препараттарын басып озған.

Сондай-ақ, конгресс ұйымдастырушыларының нұсқасы бойынша Moderna вакцинасы "Үздік жаңа технология/вакцина платформасы" атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911598-ddsu-koronavirusqa-qarsy-sinopharm-vakcinasyn-paidalanuga-ruqsat-berdi/

pixel