Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында ауыл әкімі қандықол қылмыскердің ізіне түскен

Опубликовано:

Қылмыс орны74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

6 мамыр күні таңертең белгісіз біреу Қостанай облысы Амангелді ауданының полициясына қоңырау шалып, айтылған мекенжайға келуді сұраған. Ол жерге барған учаскелік инспектор 55 жастағы ер адамды өлтіріп кеткенін анықтаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Tobolinfo порталының мәліметінше, кісі өлтіруші 84 жастағы зейнеткерді пышақтап тастаған – ол ауруханаға жеткізіліпті.

Күдіктіні іздеуге учаскелік инспектор, сондай-ақ бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен ауылдық округ әкімі аттанған.

Қайғылы оқиғаның куәгерлері күдіктінің тас жолға қарай кетіп бара жатқанын көргендерін айтады.

Кісі өлтірушінің ізін суытпау үшін учаскелік полиция қызметкері мен әкім екіге бөлінген. 47 жастағы күдіктіні бірінші болып шенеунік көріпті. Ол оны өз бетінше ұстамай, көмек шақырған.

Алайда ер адам көзге түсіп қалғанын түсініп, өзіне жарақат салып үлгерген екен. Ол қазір аудандық ауруханаға жатыр.

"Қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр: "Кісі өлтіру" және "Кісі өлтіруге оқталу". Қылмыстың мән-жайы анықталады", - деп хабарлады полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911649-qostanai-oblysynda-auyl-akimi-qandyqol-qylmyskerdin-izine-tusken/

pixel