Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ зерттеу институты Қазақстанда КВИ-ден 81 мың адам қайтыс болғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: today.kz

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны туралы зерттеуіне пікір білдірді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Зерттеу институты жариялаған мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирустан 81 696 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі статистика бюросының деректеріне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясынан 4 729 адам қайтыс болған. 2021 жылдың 4 айында КВИ-дан қайтыс болғандар саны – 1 846 адам.

"Осылайша пандемия басталғаннан бері Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам емес, 6 575 адам қайтыс болды. Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институты көрсеткіштерінің дұрыс еместігі айқындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша жалпы 2020 жылы 162 613 адам қайтыс болып, 2019 жылмен салыстырғанда 21,8% -ке немесе 29 124 адамға артқан.

Адамдар КВИ-ден басқа да аурлардан қайтыс болған: қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулар.

"Жоғарыда баяндалғанның негізінде "COVID-19-дан жалпы өлімді бағалау" денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) жүргізген зерттеулеріне сәйкес жарияланған статистикалық деректер Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректерге сәйкес келмейтінін хабарлаймыз", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911658-aqs-zertteu-instituty-qazaqstanda-kvi-den-81-myn-adam-qaitys-bolganyn-malimdedi/

pixel