RU

Қазақстанда өткен тәулікте 2260 адам коронавирустан емделіп шықты

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты соңғы статистикалық мәліметтерді жария етті. Оған сәйкес, өткен тәулікте республика бойынша 2260 қазақстандық қауіпті індеттен толықтай жазылып шыққаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 469,

Алматы қаласы - 509,

Шымкент қаласы - 14,

Ақмола облысы - 295,

Ақтөбе облысы - 61,

Алматы облысы - 277,

Атырау облысы - 31,

Шығыс Қазақстан облысы - 24,

Жамбыл облысы - 56,

Батыс Қазақстан облысы - 41,

Қарағанды облысы - 239,

Қостанай облысы - 6,

Қызылорда облысы - 54,

Маңғыстау облысы - 46,

Павлодар облысы - 57,

Солтүстік Қазақстан облысы - 25,

Түркістан облысы - 56.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 299528.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда тағы 2142 адамнан коронавирус анықталды. Алайда, елімізде қауіпті індетті жұқтыру көрсеткіші төмендей түскен. Себебі. 8 мамырдағы жағдай бойынша республикада инфекцияны жұқтырғандардың саны 2350 адамды құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911700-qazaqstanda-otken-taulikte-2260-adam-koronavirustan-emdelip-syqty/