Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда қайтыс болған қазақстандық арудың анасы Тбилисиге ұшып кетті

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/assel_ayt

Грузияда қайтыс болған қазақстандық арудың анасы Тбилиси қаласына ұшып кетті. Тергеу мәліметінше, бойжеткен зорлық әрекеттерден соң, өз-өзіне қол салған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Inbusiness.kz басылымының жазуынша, марқұм Әсел Айтпаеваның анасына құжаттарды рәсімдеу мен билеттерді табу бойынша көмек көрсетілген. Сонымен қатар, Грузияда қайтыс болған қазақстандық арудың денесі елге апта басында қайтарылатыны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 5 мамырда Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында 26 жастағы Әсел Айтпаеваның жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын жазған едік.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Әсел Грузияға бір ай бұрын ақша табуға кеткен. Ал бірнеше күн бұрын жақындарымен байланысқа шықпай қойған.

Келесі күні қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911709-gruziyada-qaitys-bolgan-qazaqstandyq-arudyn-anasy-tbilisige-usyp-ketti/

pixel