COVID-19: Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа ауысты
Опубликовано:

2021 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. ⠀ "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары. ⠀ "Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда тағы 2142 адамнан коронавирус анықталды. Алайда, елімізде қауіпті індетті жұқтыру көрсеткіші төмендей түскен. Себебі. 8 мамырдағы жағдай бойынша республикада инфекцияны жұқтырғандардың саны 2350 адамды құраған.
Сонымен қатар, 9 мамырдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда тағы 2260 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911714-covid-19-qyzylorda-oblysy-zasyl-aimaqqa-auysty/