Алматыда мопед айдаған курьер тағы жол апатына ұшырады (видео)
Опубликовано:

Алматыда Шевченко көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған дейін Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жолда автокөлік жанында жатқан курьердің видеосы тараған еді. Оның қасында мопед аударылып жатқан. Полиция Subaru жүргізушісі Шевченко көшесімен батыс бағытта қозғалып, Мәуленов көшесімен қиылыста оң қатарға тұра бастағанда мопедпен соқтығысқанын хабарлады.
Ал мопед автокөлікпен бір бағытта келе жатқан. Тәртіп сақшыларының дерегінше, зардап шеккен азаматты оқиға орнында дәрігерлер қарап шыққан. Одан бөлек, жолдың аталған бөлігінде осыған ұқсас оқиға болғаны да анықталды. Полицейлер мәләметінше, екінші жол-көлік оқиғасы 30 минуттан соң орын алған.
Екінші жағдайда Hyundai автокөлігінің жүргізушісі солға ауысып жатқанда Apriliа мотоциклімен соқтығысуға жол берген. 1989 жылы туған мотоцикл жүргізушісі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.
"Екі факті де Алмалы аудандық ПБ қызметкерлерінің өндірісіне қабылданды",- деді Алматы ПД анықтау бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911748-almatyda-moped-aidagan-kurer-tagy-zol-apatyna-usyrady-video/