RU

Ақтөбе облысында мотоцикл жүргізушісі 10 жасар баланы қағып кетті

Жол апаты
Көрнекі фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында мотоцикл тізгіндеген ер адам велосипед айдап бара жатқан баланы қағып кетті деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Оқиға Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында болған. Ақтөбе облысы ПД мәліметінше, мемлекеттік нөмірі жоқ мотоцикл тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші велосипедпен кетіп бара жатқан баланы қағып кеткен.

"Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып, Байғанин ауданындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді полиция өкілдері.

Айта кетейік, Алматыда Шевченко көшесінде жол-көлік оқиғасы болған еді. Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті түсіндіріп берді.

Осыған дейін Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жолда автокөлік жанында жатқан курьердің видеосы тараған еді. Оның қасында мопед аударылып жатқан. Полиция Subaru жүргізушісі Шевченко көшесімен батыс бағытта қозғалып, Мәуленов көшесімен қиылыста оң қатарға тұра бастағанда мопедпен соқтығысқанын хабарлады.

Ал мопед автокөлікпен бір бағытта келе жатқан. Тәртіп сақшыларының дерегінше, зардап шеккен азаматты оқиға орнында дәрігерлер қарап шыққан. Одан бөлек, жолдың аталған бөлігінде осыған ұқсас оқиға болғаны да анықталды.

Полицейлер мәләметінше, екінші жол-көлік оқиғасы 30 минуттан соң орын алған. Екінші жағдайда Hyundai автокөлігінің жүргізушісі солға ауысып жатқанда Apriliа мотоциклімен соқтығысуға жол берген. 1989 жылы туған мотоцикл жүргізушісі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911753-aqtobe-oblysynda-motocikl-zurgizusisi-10-zasar-balany-qagyp-ketti/