RU

Елордада 100-ге жуық адамға ауызашар ұйымдастырғандар анықталды

Мейрамхана
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ІСБ

Мерекелік демалыс күндердің бірінде елордада Сарыарқа ауданында орналасқан "Гауһартас" мейрамханасында 100-ге жуық адамға ауызашар ұйымдастырғандар анықталды деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасы.

Мерекелік демалыс күндерінің бірінде карантиндік тыйымдарға қарамастан Сарыарқа ауданында орналасқан "Гауһартас" мейрамханасында 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткен.

Сол сияқты 9 мамыр күні тағы бес мекеме карантин талаптарын бұзғаны анықталды.

Сонымен, "Ashyq" жобасына қатысатын "Line Brew" мейрамханасы тыйым салынғанына қарамастан түн ортасынан кейін де жұмыс істеген.

Сондай-ақ, елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзғаны үшін «Палау орталығы» асханасы, "Базилик" және "Паначи" мейрамханалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл мекемелер демалыс күні де тоқтаусыз жұмыс істеген. Демалыс күні жұмыс істеу санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша рұқсат етілмеген. Карантин режимі сол сияқты "Yamato" ойын клубында да бұзылды.

Алматы ауданында "Тапчан" және "Белес" кафелері жұмыс режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Демалыс күндері анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау және кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша екі айдан бері "қызыл" аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр.

Жағдайдың нашарлауына жол бермес үшін қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері санитарлық нормаларды қатаң сақтауы, дәрігерлер мен эпидемиологтардың ұсыныстарын орындауы тиіс.

Қазіргі уақытта қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі ұжымдық иммунитетті дамыту болып саналады, бұл халықты жаппай вакцинациялау жағдайында ғана мүмкін.

Қалада бұл үшін тиісті жағдайдың бәрі жасалған: БМСК мекемелерінде және елорданың ірі СОО-ларында 100-ден астам егу пункті ашылды, олар сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Вакцинация тегін жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911758-elordada-100-ge-zuyq-adamga-auyzasar-uiymdastyrgandar-anyqtaldy/