Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы орман өрті: Оқиға орнынан бір әйелдің мәйіті табылды (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт
Фото: ҚР ТЖМ

ШҚО-да полиция қызметкерлері өрт аумағынан бір әйелдің мәйітін тапты. Одан бөлек, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз ауылынан екі адам ауруханаға жеткізілгені анықталған. Күйік шалған азаматтар -1980 және 1949 жылы туған ер азаматтар. Одан бөлек, тәртіп сақшылары 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тапты. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Айта кетйік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының маңында орман өртеніп, қызыл жалын тұрғын үйлерге жеткенін жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне жайылғанын хабарлаған болатын.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында, орманда орман шаруашылығы жеке құрамының 100-ден астам адамы мен ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері және 20-дан астам техника жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеген еді ТЖД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911761-sqo-dagy-orman-orti-oqiga-ornynan-bir-aieldin-maiiti-tabyldy-foto-video/

pixel