Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция ШҚО-дағы алапат өртке қатысты тергеу жұмысын бастады

Опубликовано:

Өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында полиция Риддер маңында болған алапат өртке қатысты тергеу жұмысын бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша Риддер қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 204- бабы 2- бөлігі, яғни, отты абайсыз қолдану бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады. Қазіргі уақытта бұл өртке кімнің қатысы бар екені туралы бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр, мән-жай анықталуда",- деді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының маңында орман өртеніп, қызыл жалын тұрғын үйлерге жеткенін жазған едік. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жел салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйін шарпығанын хабарлаған болатын.

Кейінірек ШҚО-да полиция қызметкерлері өрт аумағынан бір әйелдің мәйітін тапты. Одан бөлек, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Көп ұзамай президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені президент өз бақылауында ұстап отыр", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911778-policiya-sqo-dagy-alapat-ortke-qatysty-tergeu-zumysyn-bastady/

pixel