Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдікке ілінген адамның фотосы жарияланды

Опубликовано:

зорлық
Көрнекі фото: spoilers.gr

Грузияның бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваны зорлап, өзін-өзі өлтіру халіне жеткізген күдіктінің суреті пайда болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Metronone.ge порталының хабарлауынша, 57 жастағы Бесик Тордуа бұған дейін сотты болған.

Айта кетейік, Тбилисиде қайтыс болған қазақ қызының анасы Айсұлу Айтпаева Грузияға барды.

"Қызымды өлтіріп, терезеден лақтырып жіберді деп ойлаймын. Ол терезеден өз еркімен секіретіндей бала емес еді. Бес күн бұрын Грузияға келіп, осында жұмыс істей бастады. Бұрын Әсел ұсталған адамды танымайтын. Осы жерде танысып, бірге жұмыс істеуі керек болатын. Менің күйеуім де Грузияға келуі керек еді, бірақ құжаттары дұрыс болмай, келе алмады", - деді Айсұлу Айтпаева.

Грузиядағы Formula телеарнасы Айтпаеваның Тбилисидегі таныстарының арасында Мұрад Мейрбегов есімді Қазақстан азаматы бар екенін анықтады. Ол Әсел жұмыс істеген компанияның иесі болған. Қазіргі кезде ол Грузиядан кетіп қалған.

Сондай-ақ, телеарнаның хабарлауынша, қызды Грузияға келгеннен кейін Рустави қаласында тұратын туыстары Мейрбеговқа сатып жіберген.

Ал Rustavi 2 телеарнасы туыстарымен болған жанжалдан кейін қыз 57 жастағы Тордуаның үйіне көшіп барған дейді.

Күдікті ұсталды. Оның кінәсі дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 5 мамырда Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева терезеден секіріп қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911785-gruziyada-asel-aitpaevany-zorlady-degen-kudikke-ilingen-adamnyn-fotosy-zariyalandy/

pixel