Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозжыра шатқалындағы отшашу қазақстандықтардың ашуына тиді

Опубликовано:

Отшашу
Көрнекі фото: pxhere.com

Қазақстан табиғаты жайында түрлі видео бөлісу арқылы танылған Азамат Сәрсенбаев Жеңіс күніне орай Бозжыра шатқалында отшашу ұйымдастырылғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат роликті өз Facebook парақшасында жариялаған. Оған және желі қолданушыларына табиғи кешенге жасалған қарым-қатынас ұнай қоймаған.

"Мен кәсіби эколог емеспін, сонда да бұл жайт жергілікті фауна үшін (егер олар қалса) нағыз апат екенін түсініп отырмын ", - деді Сәрсенбаев.

Белсенді Жабайұшқан аумағына қатаң бақылау қажет екенін, сондай-ақ, қорықша аумағындағы тәртіпті тәулік бойы қадағалайтын қалыпты өркениетті жағдайлар мен қызметкерлер қажет екенін де айта кетті.

Желі қолданушылары Азамат Сәрсенбаевқа қолдау білдіріп, пікір қалдырды.

Айта кетейік, осыған дейін 2021 жылы Қазақстанда туризм саласына 1 трлн теңгеден аса инвестиция құю жоспарланып отырғанын жазған едік. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеген болатын.

"Біз биыл үкімет, әкімдіктер және жеке инвесторлармен бірігіп, туризмге 1 трлн теңгеден астам инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Бұл қомақты қаржы. 2020 жылы біз шамамен 600 миллиард теңге инвестицияладық, ал осы жылы одан екі есе көп", - деді Әбдірахымов.

Айтуынша, бұл сома жаңа туристік бағыттар құруға, қонақ үйлер, демалыс аймақтары, аквапарктер салуға жұмсалады. Нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орны, аралас салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911787-bozzyra-satqalyndagy-otsasu-qazaqstandyqtardyn-asuyna-tidi-video/

pixel