Жамбыл облысында жоғалып кеткен қызды іздеу кезінде cүңгуір қайтыс болды
Опубликовано:

Жамбыл облысының Шу ауданында сүңгуір кәсіби міндетін орындау кезінде көз жұмды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Оның сөзінше, сүңгуірдің денесі кеше табылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарынің 35 күн бойы жүргізілгені белгілі болды.
Шу ауданының Тасөткел ауылынан 3 шақырым жерде, Тасөткел су қоймасында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы Жұмағали Әбдірахмановтың денесін тапқан.
Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, іздестіру жұмыстары басталғаннан бері барлығы 130-дан астам адам, кинологтар, 16 техника, 2 тікұшақ, 9 жүзу құралы жұмылдырылған.
Айта кетейік, 2021 жылдың 3 сәуірінде Шу ауданының Тасөткел су қоймасында 1997 жылы туған азаматшаны іздестіру кезінде қатты желден қайық аударылып, салдарынан Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағали Жеңісбекұлы Әбдірахманов іс-түссіз кеткен болатын.
Жұмағали Жеңісбекұлы Әбдірахманов азаматтық қорғаныс органдарында 2001 жылдың наурыз айынан бері қызмет атқарып келген. Үйленген, артында екі баласы қалды

.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911788-zambyl-oblysynda-zogalyp-ketken-qyzdy-izdeu-kezinde-cunguir-qaitys-boldy/