"Өткен тәулікте 1766 адам": Қазақстанда КВИ жұқтырғандар саны азайып келеді
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1766 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 346 497-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 249,
Алматы қаласы - 430,
Шымкент қаласы - 75,
Ақмола облысы - 114,
Ақтөбе облысы - 24,
Алматы облысы - 125,
Атырау облысы - 38,
Шығыс Қазақстан облысы - 79,
Жамбыл облысы - 42,
Батыс Қазақстан облысы - 108,
Қарағанды облысы - 262,
Қостанай облысы - 25,
Қызылорда облысы - 27,
Маңғыстау облысы - 13,
Павлодар облысы - 119,
Солтүстік Қазақстан облысы - 12,
Түркістан облысы - 24.
Еске сала кетсек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.
"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.
10 мамырдағы жағдай бойынша, "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр. ⠀
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. ⠀
"Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911789-qazaqstanda-otken-taulikte-nese-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/