Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда полициядан қашқан жүргізушіге 291 700 теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы қызметтік көлігінің жанында
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысында полиция қызметкерлерінен қашып, қарсылық танытқан жүргізушіге 291 700 теңге айыппұл салынды деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес , түнгі сағат 1:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы "Бармаглот" мейрамханасының тұсында "Ваз 2110" маркалы жеңіл көлігінің жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін тоқтатпақ болған.

Алайда, көлік тізгіндеген ер адам полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы талабына бағынбай, қашып кеткен.

Кейін аталған көлікті тоқтатқан уақытта тәртіп сақшыларының талабына бағынбай қарсылық танытқан 23 жастағы жүргізушінің көлік басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды.

Сондықтан тәртіп бұзған ер адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабының 1-бөлігімен ("Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау") әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданған.

Сондай-ақ, ведомство көлік жүргізушісіне 596-бабының 5-бөлігімен (Жүргізуші куәлігі жоқ күйде жолдың қарама-қарсы бағытына шығу), 612-бабының 2-бөлігімен (Жүргізу құқығы жоқ күйде), 613-бабының 1-бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамау) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 291 700 теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911804-atyrauda-policiyadan-qasqan-zurgizusige-291-700-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel