RU

Грузияда қайтыс болған бойжеткеннің анасы: Денесінде зорлық-зомбылық іздері бар

Фото
Фото: instagram.com/assel_ayt

Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның анасы Айсұлу Айтпаева қызының мәйітін тану үшін бір күн бұрын Тбилисиге ұшып кетті. Әйел марқұм қызының денесінде физикалық зорлық-зомбылықтың іздері бар екенін айтты деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Айсұлу Айтпаева қайтыс болған қызының денесінде физикалық зорлық-зомбылықтың іздері бар екенін айтты.

Бойжеткенді зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермелеген деген күдікпен ұсталған Грузия азаматынан басқа іс бойынша тағы бір адам бары хабарланды. Ол ​​– Қазақстан азаматы, бойжеткеннің туысы болып келеді әрі Әселді шетелде жұмыс істеуге шақырған.

Телеарнаның хабарлауынша, ер адам қазір Грузиядан кетіп қалған.

"Барлық процесс осында өтеді, өйткені жағдай осы елде орын алды. Бірақ Мұрат қазір Қазақстанда жүр. Мен, әрине, оның Грузияға депортацияланғанын қалаймын, себебі оның да бұл іске қатысы бар.

Мен Қазақстаннан көмек ретінде Мұратты осында депортациялауды сұраймын. Себебі мұнда әлі қанша қыз бар екенін кім біледі. Біз білмейміз. Мүмкін бұл алғашқы жағдай емес шығар?", – деп басылым Әселдің анасының сөзін келтірді.

Еске салайық, 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның Тбилисиде қайтыс болғаны 5 мамырда белгілі болды. Қыздың денесі үйдің терезелерінің алдынан табылды.

Кейінірек құқық қорғау органдары қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермелеген деген күдіктіні ұстағаны белгілі болды. Ол сотқа дейін қамауда болады.

Желіде марқұм мен күдіктінің арасындағы сөйлесудің жазбасы пайда болды. Жазбада ер адамның қызға қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын естуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911937-gruziyada-qaitys-bolgan-qyzdyn-anasy-denesinde-zorlyq-zombylyq-izderi-bar/