Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"175 адам эвакуацияланды": Елордадағы мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласында жеке мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданың полиция депараментіне сілтеме жасап.

Ведомство берген ақпаратқа сүйенсек, бүгін, "102" нөміріне сағат 11:32-де "Астана Garden School" жеке мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен. Хабарлама оқу ордасының электрондық поштасына келген.

"Оқиға орнына тез арада барлық жедел қызметтер жіберілді. Мектептен 175 адам эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Осы ретте тәртіп сақшылары жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Еске сала кетсек, 11 мамыр күні Ресейдің Қазан қаласындағы мектепте атыс болды. Салдарынан 7 мектеп оқушысы мен бір мұғалім көз жұмып, тағы 20 адам жарақат алған. Одан бөлек, жарақат алған 6 бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путин мектептегі атыс кезінде зардап шеккен балаларға барлық медициналық көмекті көрсетуге тапсырма бергені хабарланды. Қазанға психологтардан құралған төтенше жағдайлар министрлігінің борты жіберілген.

Сондай-ақ Путин атыс кезінде қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911942-175-adam-evakuaciyalandy-elordadagy-mektepke-zarylgys-zat-qoiylgany-turaly-xabar-tusken/

pixel