Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кәрі анасын самокатпен ұрған": Анасына қол көтерген әйелдің видеосы елді шошытты

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: www.otkrito.lv

Әлеуметтік желіде кәрі анасына қол көтеріп, арқасынан самокатпен ұрған әйелдің видеосы кеңінен таралуда. Желі қолданушылары анасын аямаған әйелді қатаң сынға алып жатыр. Көп ұзамай анасын ұрған әйелдің психологиялық ауытқушылығы бар екені анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ

Видеодан кейуананы ашуға булыққан әйел самокатпен ұрып жатқанын байқауға болады. Кейін бұл оқиға ел арасында үлкен шу тудырып, әжейдің көршілері мен журналистер оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысады.

Белгілі болғандай, видеода кейуанаға қол көтерген қызы Сандуғаштың психологиялық ауытқушылығы бар. Туыстары оны дәлелдейтін құжаттарды да көрсеткен.

"Әжей негізі үлкен қызының қолында тұрады. Мән-жайды көпшілікке түсіндіріп жатырмыз. Көшеде оны ұра жөнелген Сандуғаш есімді қызының арнайы анықтамасы бар. Бұл жағдайды әжейдің үлкен қызы бақылап отыр", - дейді кейуананың көршілері.

"Осы үйде 15 адам тұрамыз. Анамыз сыртқа жиі шығып кетеді. Қазіргі жағдайды, вирус өршіп тұрғанын ескертеміз. Кезекті рет көшеге шығып кеткен соң, оны паркте отырған жерінен Сандуғаш алып келген. Үйге қайтайық дегеніне көнбегесін солай істеген деп отырмыз", - дейді кейуананың үлкен қызы.

Кейін кейуананың қызы Сандуғаш анасынан кешірім сұрап, анасы да оны кешіргенін жеткізді. Ол өзін бала-шағасы асырап отырғанын айтып, өз жағдайына алаңдаған көпшілікті сабырға шақырған.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың мәліметінше, кейуана 80 жаста. Алматыдағы "Томирис" ықшамауданындағы Қойшыбаев көшесінде тұрады. Қарт әжей жақында инсульт алғандықтан, аяғын сылтып басады.

Ескерту: 18 жасқа толмағандарға, аяғы ауыр әйелдер мен психикасы әлсіз жандарға видеоны көру ұсынылмайды. Видеода бейәдеп сөздер кездеседі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911943-kari-anasyn-samokatpen-urgan-anasyna-qol-kotergen-qyzdyn-videosy-eldi-sosytty/

pixel