Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

Опубликовано:

әуежай19
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 11 мамырдағы қаулысына сәйкес әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді.

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтағы өңірлерде, Ashyq жобасына қатыспайтын әуежайлардың ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізу шектелетін болды.

Қаулыда мұндай шектеу теміржол вокзалдарына да қойылатыны сөз етілген.

"Тәуекелі жоғары қауіпті (қызыл аймақ) өңірлерде, Ashyq жобасына қатысатын вокзалдарды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды теміржол вокзалдары ғимараттарына кіргізуді шектеуді қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен, яғни 11 мамырдан бастап өз күшіне енетіні жазылған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында биыл Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылатынын хабарланған еді.

"Қадірлі жамағат! Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын (жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысымен рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз", - делінген хабарламада.

Осы ретте ҚМДБ мешітке келетін мұсылман жамағатын санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

Одан бөлек, Алматы мешіттерінің ауласында жұма намаз оқуға рұқсат етілген болатын. 23 сәуірдегі қаулысымен Бекшин ұжымдық қызметтерді ашық аспан астында өткізуге рұқсат берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911997-covid-19-auezai-men-temirzol-vokzalyna-kiru-tartibi-ozgerdi/

pixel