Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк төрағасы бензин неге қымбаттағанын түсіндірді

Опубликовано:

жанармай
Көрнекі фото: www.uralskweek.kz

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елімізде бензин бағасының өсу себебін түсіндіріп өтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтерінің артуы және ішкі ұсыныстың төмендеуі аясында жыл басынан бастап бензин бағасының 11,6%-ке өскені байқалады", - деді Досаев үкімет отырысында.

Айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы 7% деңгейінде сақталды.

Азық-түлік инфляциясы нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасы өсімінің төмендеуі аясында 10,7%-тен 9,8%-ке дейін баяулады.

Іскерлік белсенділіктің жандануы, халық кірісінің қалпына келуі, импорттың өсуі нәтижесінде азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,6%-тен 6,4%-ке дейін жеделдеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ай сайынғы өсімі 2017 жылдың қазанынан бері ең жоғары мәнді көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912047-ulttyq-bank-toragasy-benzin-nege-qymbattaganyn-tusindirdi/

pixel