Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аударуды тапсырды

Опубликовано:

Дүкен
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Экономика өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі - шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аударсын. Жергілікті бюджет есебінен форвардтық азық-түлік сатып алуды қаржыландыруды 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды және "айналым схемасы" бойынша қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейін жеткізуді қамтамасыз ету қажет.

Іскерлік белсенділікті қалпына келтіріп, экономиканы сапалы дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияны, әсіресе шикізаттық емес салаларға тарту үшін бірлесіп жұмыс жүргізу қажет. Бұл - қазіргі жағдайда, үкімет үшін басым міндеттердің бірі болып отыр", - дейді премьер-министр Асқар Мамин.

Үкімет басшысы экономика өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі - шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту екендігін баса айтты.

"Бұл жұмыстың негізгі басымдығы - жұмыспен қамту мен халықтың нақты табысын арттыру болуы тиіс. Сондықтан, өңір басшыларына мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді іске асыруды және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын", - дейді премьер-министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаржы министрі Әсет Ерғалиев Қазақстан экономикасының қандай жағдайда екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912079-mamin-azyq-tulik-bagasyn-turaqtandyruga-erekse-nazar-audarudy-tapsyrdy/

pixel