Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабақ алуымыз керек": Аймағамбетов Қазанда болған террорлық жағдайға пікір білдірді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында Татарстанның Қазан қаласында болған жағдайға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық.

Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек.

Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім.

Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым.

Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері ғана емес. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты.

Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек.

Бұл үлкен және бірлескен жұмыс.

Балалар – біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет", - деді ол.

Еске сала кетсек, 11 мамыр күні Ресейдің Қазан қаласындағы мектепте атыс болды. Салдарынан 7 мектеп оқушысы мен бір мұғалім көз жұмып, тағы 20 адам жарақат алған. Одан бөлек, жарақат алған 6 бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путин мектептегі атыс кезінде зардап шеккен балаларға барлық медициналық көмекті көрсетуге тапсырма бергені хабарланды. Қазанға психологтардан құралған төтенше жағдайлар министрлігінің борты жіберілген.

Сондай-ақ Путин атыс кезінде қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтқан.

Айта кетсек, атыс кезінде оқу ғимаратында болған екі оқушы іште не болғанын айтып берген еді.

Гимназияда оқитын Сабина есімді 15 жасар оқушы қыздың сөзінше, сабақ ортасында мұғалім сыныпқа кіріп, кабинетті жауып қойған.

"Ол мектепке қарулы адамның келгенін түсіндірді. Содан кейін директор келіп, кабинетті жауып, тыныш отыруымыз керек екенін айтты. Біз есікті жауып, сыныптың бұрышына отырдық. Балалар қатты қорықты", - дейді Сабина.

Қыздың сөзінше, 13-15 мәрте атылған оқтың даусы естілген. Содан кейін оқиға орнына келген полицейлер балаларды сыныптан шығара бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1912101-sabaq-aluymyz-kerek-aimagambetov-qazanda-bolgan-terrorlyq-zagdaiga-pikir-bildirdi/

pixel