Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жіп үзіліп кеткен: Түркістан облысында екі жұмысшы ажал аузынан аман қалды

Опубликовано:

Кәріз
Көрнекі фото: Sputnik / Елена Бережная

Түркістан облысы Арыс қаласында кәріз құбырын тазалау үшін құдыққа түскен қызметкерлер қайта шыға алмай қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, екі ер адам тереңдігі 4 метрлік кәріз құдығына түскен кезде беліндегі жіп үзіліп кеткен. Бірі құдықтың беткі жағында ілініп қалса, екіншісі құдық түбіне құлаған.

Мұны көрген жергіліті тұрғындардың бірі полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жедел келген учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Жақсылық пен Асанхан Сыздықов ол жерде бір топ адам көмектесу мақсатында жиналғанын көрген.

Ал құдық ішіндегі жұмысшылар кәріздегі иістен уланып қалған. Тәртіп сақшылары құдық ішіне құлаған адамды жіппен тарту арқылы шығарып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.  

Осы ретте жансақтау бөліміне жатқызылған жұмысшылардың қазіргі жағдайы жақсы деп бағаланып отыр.

"Қызмет барысында осындай жағдай болды. Қиын сәтте дер кезінде келіп, көмек қолын созған полицейлерге алғысым шексіз", – деді өліммен бетпе-бет келген Махамбет Рүстемұлы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысындағы ауыл халқы қорасындағы малын әкімдік алдына айдап әкелгенін жазған едік. Қазығұрт ауданындағы төрт бірдей ауыл халқы осылайша өз наразылығын билікке жеткізбек болған. Айтуларынша, ауылда мал жаятын жайылым жер қалмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912111-zip-uzilip-ketken-turkistan-oblysynda-eki-zumyssy-azal-auzynan-aman-qaldy/

pixel