RU

ДСМ Алматыда дәрігердің "вакцинадан кейінгі" өліміне қатысты тергеу нәтижелерін жариялады

Вакцина
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Алматыда қайтыс болған медицина қызметкерінің бұрын жүрек-қан тамырлары аурулары болғанын хабарлады. Министрлік дерегінше, "бұл дозадан вакцина алған қалған науқастардың жағдайы нашарлаған жоқ" деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметтері бойынша, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Алматы қаласындағы медициналық қызметкердің өліміне эпидемиологиялық тексеру жүргізген. Сондай-ақ, тергеуге кәсіби мамандар да (нефролог, невропатолог, иммунолог, патолог) тартылды.

"Науқасқа Ресейде жасалған және Қарағандыда шығарылған "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник-V") вакцинасының бірінші компоненті егілгені анықталды. Әйелдің бұрын созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруы болған және осы жағдай бойынша тіркеуде тұрған. Осы вакцинаны салдырған пациенттердің қалған бөлігінің денсаулығы нашарлаған жоқ.

Бүгінге дейін өлімнің нақты себебін анықтау үшін Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттері науқастың бағыты бойынша медициналық ұйымдарда жоспардан тыс тексеруді бастамашылық етуде. Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейін өлімнің болуына қатысты, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мәліметтері бойынша мұндай жағдайлар республикада тіркелмегенін хабарлаймыз", – деді министрлік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912124-dsm-almatyda-darigerdin-vakcinadan-keiingi-olimine-qatysty-tergeu-natizelerin-zariyalady/