Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не болып жатыр?": Жағымсыз иіске тұншыққан Өтеген батыр кентінің тұрғындары сыртқа шыға алмай қалды

Опубликовано:

жағымсыз иіс
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматы облысы Іле ауданына қарасты бірнеше ауыл тұрғындары ауадағы жағымсыз иіске жаппай шағымдануда. Айтуларынша, белгісіз иіс бір аптадан бері Өтеген батыр, Покровка, Байсерке халқының мазасын қашырып тұр. Ал аудан әкімдігі оның неден шыққанын білмей отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram-дағы gres_big_family парақшасында аталған ауыл тұрғындарының шағымы жария болды. Олар жағымсыз иістен терезе-есік аша алмай, қиналып отырғандарын жазған.

"Газ мәселесін көтерейікші! Бүгін түнде көшеде, тіпті үйдің ішінде де қатты иіс пайда болды. 104-ке қоңырау шалсам, Степной 14 мекенжайында мұнай базасы орналасқанын, барлық сұрақты соларға қоюымды айтты. Әкімдік неге бұл мәселені шешпей отыр? Әлде апатты күтіп жүре берейік пе? Газ төменге жинала берсе, арты үлкен жарылыс болуы мүмкін. Жанымызда темір жол! Оның үстіне газбен демалу адамдарға зиян ғой! Неге жоғарыдағылар әрекетсіз отыр?", - дейді тұрғын.

Бұл пікірге өз жанайқайын қоса айтқандар көп.

"Түнгі екіде үйдің ішіндегі өткір газдың иісінен оянып кеттім. Жаңа қуатта тұрамыз. Далаға шығып, тыныс алу мүлде мүмкін емес. Не болып жатыр? Неге бұл мәселені ешкім шешкісі келмейді?", - дейді тағы бір тұрғын.

Мәселеге байланысты Іле ауданы әкімдігі пікір білдірді. Баспасөз хабарламасына сүйенсек, әкімдік өкілдері аталған иістің табиғи газ емес екенін анықтаған.

"Әлеуметтік желідегі тұрғындардың шағымы бойынша ауылымыздағы жағымсыз иістің (газ иісінің) шығуына байланысты Іле ауданы әкімінің орынбасары Касенов.М.М, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Майшыбаев.М, Энергетический ауылдық округ әкімі Рахимов.Қ.Қ және Алматы қалалық "КазТрансГаз аймақ» АҚ бөлімшесінің мамандарымен бірлесе отырып, Өтеген, Покровка, ауылдарын тексеру жұмыстары жүргізіліп, аталған ауылдарда жағымсыз иістің табиғи газ еместігі анықталды. Осыған орай мәселенің шешімін табу мақсатында бірлесе отырып, тиісті мемлекеттік мекемелерге мәселені іздеу және шешу хаты жолданды", - дейді аудан әкімдігінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912131-ne-bolyp-zatyr-zagymsyz-iiske-tunsyqqan-otegen-batyr-kentinin-turgyndary-syrtqa-syga-almai-qaldy/

pixel