RU

Діни басқарма Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысы бойынша рұқсат етілген аймақтардағы мешіттердің ауласында Ораза айт намазы оқылатындығын мәлімдеді деп хабарлайды muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі ең басты сақтық шараларына мән беруге шақырды:

  • Бетперде (маска) киіп келу;
  • Үйден дәрет алып келу;
  • Намаздан соң қол беріп амандаспау;
  • Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
  • Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

"Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет", - делінген басқарма хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912135-dini-basqarma-oraza-ait-namazyna-qatysty-malimdeme-zasady/