Шымкентте 25 жастағы келіншек бірден бес баланың анасы атанды
Опубликовано:

Шымкентте кезекті рет үшемдер дүние есігін ашты. Бұған дейін екі баланы өмірге әкелген Нигара Миркасимова бірден бес перзенттің анасы атанып отыр, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.
25 жастағы Шымкент тұрғыны Нигара Миркасимова екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Келіншек перзенттерін жүктіліктің 35 апталық кезінде босанған. Олардың салмақтары 2000-2200 грамм, ал бойлары 40-42 см аралығында.
Ақ халаттылар сәбилердің қазіргі жағдайы жақсы екенін айтады. Жас ана мен олардың перзенттері бүгін перзентханадан шығарылмақ. Нәрестелерге Муслима, Мухлиса және Мұхаммедәли есімдері берілді.

Айта кетейік, үш нәресте жыл басынан бері үшінші мегаполисте жарық дүние есігін ашқан үшінші үшем. Ал дүниеге келген егіздер саны - 88. Жалпы алғанда жыл басынан бері қалада 10972 сәби туылған. Оның 5317 қыз баласы болса, 5655-і ұл бала.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912144-symkentte-25-zastagy-kelinsek-birden-bes-balanyn-anasy-atandy/