Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда анасы емізгеннен кейін нәресте көп ұзамай көз жұмды

Опубликовано:

нәресте1
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерлері емшектегі сәбидің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, қайғылы жағдай Бәйтерек ауылында орын алған.

Қызылжар ауданының полиция бөліміне елді мекенде 2021 жылы 30 наурызда туған емшектегі нәрестенің көз жұмғаны туралы хабар түсті.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

"Баланың денесінен қандай да бір жарақат байқалмады. Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мамандар "Емшектегі сәбидің кенеттен болған өлімі" деген қорытынды шығарды", - деді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

25 жастағы келіншектің сөзінше, ол таңғы бестер шамасында оянып, баласын емізген.

Кейін баласын ұйықтатып, өзі де ұйқыға жатқан. Сағат 7.30-да тұрған кезде сәбиінің тыныс алмай жатқанын аңғарған.

Туысқандары бірден дәрігер шақырған. Медицина қызметкері нәрестенің өлімін тіркеді.

"Қазір бұл факті бойынша істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912146-soltustik-qazaqstanda-anasy-emizgennen-keiin-nareste-kop-uzamai-koz-zumdy/

pixel