RU

Павлодарлық әжей көпқабатты үйдің балконынан құлап кетті

Көпқабатты үй
Көрнекі фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Павлодар облысында әжей көпқабатты үйдің балконынан құлап кетті деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Келеңсіз жағдай шамамен сағат 13:00-де Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйде орын алған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, зейнеткер  абайсызда екінші қабатта орналасқан балконнан құлап кеткен.

"Әйел адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Екібастұз қаласында 93 жастағы зейнеткер бесінші қабаттан құлап кеткен еді.

6 сәуір күні 93 жастағы зейнеткер тепе-теңдікті сақтай алмай, бесінші қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кеткен.

Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Екібастұз тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факт тіркеліп, сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912151-pavlodarlyq-azei-kopqabatty-uidin-balkonynan-qulap-ketti/