Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлулық пен несие: жүзден астам қарағандылық әйел косметологиялық клиниканың құрбаны болды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: telegram.org/vechernaya_karaganda

Қарағандылық әйелдер косметологиялық клиника өздерін 25 миллион теңгеге алдап кеткенін мәлімдеді. 162 әйел сұлулық маркетингінің құрбаны болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда "Beauty KRG" сұлулық клиникасының айналасында дау шықты. Клиенттер қызметкерлерді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Дәлірек айтсақ, 162 әйел полицияға шағым түсіріп үлгерген. Жалпы залал, алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 25 млн теңгені құрады.

Жәбірленушілердің айтуынша, олардың барлығы сұлулық маркетингінің құрбаны болған. Қызметкерлер оларды бірнеше рет тегін рәсімдерге уәде беріп, салонға шақырған. Клиникаға барғаннан кейін олардың барлығы үйлеріне несие құшақтап қайтқан.

"Клиника қызметкерлері тоқтаусыз қоңырау шалды. Алғашында мен бас тарттым, содан кейін келісім бердім. Барғанымда, олар мені психологиялық тұрғыдан көндіріп, ірі несие рәсімдегенін өзім түсінбей қалдым.

Менің несиелік тарихым мәз емес. Бірақ олар бұған тіпті қарамады. Үйге келгенде мен не істегенімді түсіндім. Бірақ маған олар ақшаны қайтармайтынын айтты. Мен емханаға процедураларға баруым керек болды. Жуырда оның жабық екенін білдік. Мен процедуралардың көбін алмадым", – деді зардап шеккендердің бірі Наталья.

Осыған ұқсас жағдайға түскен адам саны жетерлік. Бір айдан бері олар бұрын емхана орналасқан кеңсеге басып кіріп, ақшаларын қайтарып алуға тырысуда.

"Аталған факті бойынша Қарағанды ​​ПБ орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімі қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғады", – деп атап өтті Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметінде.

Полиция азаматтарды кез келген салонға, емханаларға және басқа мекемелерге барғанда мұқият болуға шақырады. Жарнамада жазылған ақпараттың бәріне сенудің қажеті жоқ, дейді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912158-sululyq-pen-nesie-zuzden-astam-qaragandylyq-aiel-kosmetologiyalyq-klinikanyn-qurbany-boldy/

pixel