Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 жасар баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйелге сот қаулы шығарды

Опубликовано:

әйел
Көрнекі фото: sputnik.kz

Алматы облысында 2 жастағы баласын өлтіріп тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты таратқан мәліметке қарағанда, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды.

Енді 27 жастағы әйел мәжбүрлі түрде мамандандырылған психиатриялық стационарда емделетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында 2 жастағы баланың денесі мұздатқыштан табылған болатын.

Артынша кішкентай ұл баланы туған анасы өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Және ұлын қалай тұншықтырып өлтіргенін ол қолымен көрсетіп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912213-2-zasar-balasyn-oltirip-tonazytqysta-ustagan-aielge-sot-qauly-sygardy/

pixel