Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелін атып өлтіріп, немересін жарақаттаған": СҚО-дағы қанды оқиғаның жай-жапсары анықталды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әйелін мылтықпен атып, өлтірген. Артынша немересіне де оқ атқан. Бүгінде 14 жастағы қыз бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қанды қылмысқа қатысты тың ақпаратты "Астана" телеарнасы назарға ұсынды.

Қанды оқиға Тимиряз ауданында, мамырдың оны күні болған. Көршілердің айтуынша, бұған дейін ерлі-зайыптылар өзара ұрысып қалған. Салдарынан 58 жастағы отанасы қызының үйін уақытша паналапты. Артынша қызының үйіне ішімдік ішкен әкесі де келіп, қайтадан жанжал туындап, ер адам жұбайы мен немересіне мылтық кезеген. Ауыр жарақат алған әйелі оқиға орнында қайтыс болды.

"Мамырдың тоғызы күні отағасының туған күні болды. Ал келесі күні әйелінің туған күні. Жанжал сол күні туындады. Үйде айғай-шу пайда болған кезде қызы үйінен шығып кеткен. Кейін қайтып оралған кезде оққа ұшыраған шешесін көрген. Отағасы оны да атып тастағысы келіпті. Бірақ ол қашып үлгерген. Кейін полицейлерді шақыртқан", - дейді Тимирязев ауылының тұрғыны Анна Яцино.

Көршілерінің сөзіне сенсек, отағасы ішімдікке салынбаған. Ол ауылда 20 жыл бұрын жеке кәсіп ашып, фотограф болып қызмет көрсетіп келген. Еңбекқорлығымен көзге түсіп жүрген. Ал ара-тұра аңшылыққа шығып отырған екен.

"Жақсы отбасы болған еді. Ер адам басқа көшеде тұрады. Оның ішіп, қуғанын көрген жоқпыз. Басқа кісілер сияқты арақты тек мерекелерде ғана ішетін. Бұл жолы неге бүйткені белгісіз. Мұндайды күтпеген едік. Жалпы, бұл жердің ер адамдары аңшылықпен айналысады. Қысты күні кейде орманға шығып отырады", - дейді Тимирязев аулының тұрғыны Елена Хомякова.

Күдіктіні полицейлер бірден құрықтады. Тәртіп сақшылары оны уақытша ұстау абақтысына отырғызып, жағдайдың анық-қанығын білуге кірісіп кетті.

"Хабарлама бізге сағат 17:15-те келіп түсті. Оқиға орнына барған кезде, есік алдында 58 жастағы әйел адамның мәйітін таптық. Ер адамның ішімдік ішкені анықталды. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы бірінші бөлімі – адам өлтіру және екінші бөлімі өлтіруге қам қылуға сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - дейді СҚО полиция департаменті Тимирязев аудандық полиция бөлімінің басшысы Талғат Кенжетаев.

Бүгінде зардап шеккен 14 жастағы қыз бала облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Иығы мен бас сүйегі жараланған. Дәгірелер оның жағдайы ауыр дейді.

10 жыл отасқан күйеуінің қолынан қаза болған отанасын ағайын-туыстары жер қойнына тапсырды.

А. Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912224-aielin-atyp-oltirip-nemeresin-zaraqattagan-sqo-da-qandy-oqigaga-qatysty-tyn-aqparat-paida-boldy/

pixel